МТРА жаңалықтары

Ауыл шаруашылығы – басты назарда

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығындағы элеваторға 90 жылдай болған. Нысанның сыйымдылығы – 160 мың тонна. Кәсіпорында 130 адам еңбек етеді екен. Еңбекші ұжыммен нұротандықтар жүздесті. Олар алдағы бесжылдыққа жоспарларын айтып, партияның сайлауалды бағдарламасын ұсынды.

Марат Төлебаев – СҚО сайлауалды штабының “Nur Otan” партиясы атынан мүшесі:

– Елімізде ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлінеді. Агроқұрылымдарға несиелер беріледі, техникамен жабдықтауға қолдау көрсетіледі әрі ауылдарға мамандар жіберіліп жатыр. Президентіміз азық-түлік қауіпсіздігін қазіргі уақыттағы маңызды мәселелердің бірі ретінде алға қойып отыр. Бұл бағытта “Nur Otan” партиясы тиісті жұмыс атқаруда.

Булаево қаласындағы азаматтардың басым бөлігі жұмыспен қамтылған. Мұнда оңтүстік өңірлерден қоныс аударған отандастарымызға да ерекше қолдау көрсетелуде. Гүлназ Нұрмағамбетова жарты жыл бұрын Жамбыл облысынан көшіп келіпті. Туған қалада жолдасына жұмыс тапшы болған екен, ал мында үй де бар, кәсіп те табыла кетті.

Гүлназ Нұрмағамбетова – Булаево қаласының тұрғыны, М.Жұмабаев ауданы:

– Мен өзім жұмыс істемеймін. Балаларыммен үйде отырамын. Үш балам бар. Бұл бағдарлама жайлы теледидардан естідік. Кейін осы жақтың көші-қонында қызмет ететін жанға хабарластық. Сол кісі бізді қарсы алып, орналастырды.

“Есіктен есікке” акциясы аясында нұротандықтар өзге де тұрғындармен жүздесіп, сұрақтарына жауап берді.

 

 

 

 

 

Казиканова Алтынай