МТРА жаңалықтары

Нұротандықтар Соколовка тұрғындарымен кездесті

Ауыл инфрақұрылымын дамыту. Бұл – “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басты бағыттардың бірі. Ауқымды жұмыс жоспарымен таныстыру үшін партиялықтар Қызылжар ауданындағы Соколовка селосының тұрғындарымен кездесті. Елді мекендегі жағдайға жергілікті ағайынның көңілі толады.

Айман Куширова – Соколовка селосының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

 – Жергілікті әкімдік жақсы жұмыс атқарып жатыр. Жолдар жөнделіп, асфальт төселді. Жарық, су мен интернет бойынша проблема туындамайды. Соколовка жыл сайын өркендеп келеді. Алдағы уақытта жағдайымыз одан да жақсы болады деген сенімдемін.

Тұрғындар тарапынан мемлекеттік тілді дамыту мәселесі көтерілді. Ауылдағы ағайын қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуді бір жолға қою қажеттігін айтты.
Облыстық мәслихат депуттағына “Nur Otan” партиясы атынан үміткер Біржан Жалғасбаев елді мекенде кіші және орта бизнесті дамыту қажет дейді.

Біржан Жалғасбаев – облыстық мәслихат депуттағына “Nur Otan” партиясы атынан үміткер:

– Бұл елді мекен бойынша Қызылжар ауданының арнайы бағдарламасы бар. Кіші және орта бизнесті дамыту бойынша көптеген мемлекеттік бағдарламалар бар. Соның өзінде Қызылжар ауданы бойынша жақсы көрсеткіштер бар. Оны қазір халық түсініп жатыр. Шаштараз, қолөнер шеберлігі, дүкендерді дамыту бойынша халықтың ұсыныстары көп. Соны біз байқап отырмыз.

Ал облыстық мәслихат депутаттығына тағы бір кандидат Ирина Эктова өңірдегі спорт саласын дамыту жоспарымен бөлісті. Ауылдағы ағайынға спортпен шұғылдану үшін келер жылдан бастап тиісті жағдайлар жасалмақ. Мәселен, аудандарда хоккей корттары мен футбол алаңдарын салу көзделіп отыр.

 

 

 

Бисенова Жанна