Құқық қорғау органдары

СҚО ПД бастығы биыл 40-қа жуық азаматтық қабылдау өткізген

Жол жағдайы, жарықшам мен бейнебақылау камерасын орнату. Облыстық ПД бастығы Марат Төлебаев жыл басынан бері 40-қа жуық азаматтық қабылдау өткізіп, 100-ден астам адамның бұйымтайын тыңдаған. Оның жартысынан астамы өзінің өтініш-тілегін  онлайн түрде білдіріпті.

 

Қазір қаладағы бірқатар үйлердің алдында бейнекамералар тұр. Заманауи құрылғылар тиімділігін көрсетті. Талай ұрлық камераның көмегімен анықталып, талай ұры ұсталды. Полиция қызметкерлеріне жүгінген Жұмысшы кентінің тұрғындары маңайға осындай құрылғы қою қажеттігін айтты. Облыстық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев мәселені тыңдап, шешімі жайында тұшымды жауап берді.

– Вообще, сколько камер в Рабочем поселке?

– Четыре.

– Внесите предложения, заявку подайте. На 2021 год с акиматом города отрабатываем вопрос установления дополнительных камер.

Тұрғындар өтініш-тілектерінен бөлек, учаскелік инспекторлардың жұмыс істеу сапасы көңілдерінен шығатынын айтып, ризашылықтарын білдірді.

– Всегда приезжают, как только не вызовешь – приедут вовремя, поговорят, по человечески отнесутся. В ЛТП определить помогли, но это понятно. Но еще и позвонят и спросят… Это приятно. Нам главное – внимание человеческое!

Жалпы, жыл басынан бері облыстық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев 40-қа жуық азаматтық қабылдау өткізген.

Бисенова Жанна