МТРА жаңалықтары

Петропавлда кинотеатрлардың жұмысы қайта жанданады

Өңірдің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Карантиндік талаптарға қандай өзгерістер енгізілді?

Ертең, яғни желтоқсанның 26-сынан бастап, қаладағы кинотеатрлардың жұмысы қайта жанданбақ. Басты талап – күшейтілген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, көрермендер залдағы орындардың 30 пайызына ғана отырғызылуы тиіс.
Ал ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңажылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынады.

Ешкенова Дана