МТРА жаңалықтары

Нұротандықтар жергілікті жастармен кездесу өткізді

Қазақстанның болашағы – жастардың қолында. “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасында жазылған 7 бағыттың бірі кейінгі ұрпаққа арналған.
Бұл бағыттың өзі 5 басымдықтан тұрады. Олар: сапалы білім, қолжетімді баспана, тұрақты жұмыс орнымен қамту, жастарды қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатыстыру және олаёрдың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Бұл негіздерге облыстық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер Біржан Құдайбергенов жергілікті жастармен кездесу барысында жіті тоқталып өтті.

Біржан Құдайбергенов – облыстық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер:

– Біз, «Jas Otan» жастар қанаты, біріншіден волонтерлік бағытты одан бетер дамытуды көздейміз. Түрлі проектілер ұсынылатын болады. Өздеріңіз білесіздер, биыл пандемия кезінде жастарымыз үлкен белсенділік танытқан болатын. 2-ші бағыт бойынша жоғары білімді дамыту. Осы бағыт бойынша жергілікті билікпен бірлесе отырып жұмыс жасамыз. Яғни облысымыздағы жалғыз университеттің материалдық-техникалық базасын күшейтеміз.

3-ші бағыт – жастарды тұрақты жұмыс орнымен қамту. Бұл мақсатта «Jas Otan» жастар қанаты 2015 жылы “Сәтті қадам” атты жобаны қолға алған болатын. Бұл бағдарлама өз жемісін беріп, 5 жыл ішінде 5 мың солтүстікқазақстандық екі қолға бір күрекпен қамтылды. Жоба 2021-де жалғасын табады.
Сайлауалды бағдарламадағы келесі маңызды бағыт – жастарды баспанамен қамту. Бұл мақсатта да ауқымды шаруа жоспарланып отыр. Келер жылы облыс орталығында 5 бірдей жатақхана мен жалдамалы үйлер бой көтереді.

Біржан Құдайбергенов – облыстық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер:

-Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін түрлі спорт кешендері салынады. Аудандарда хоккей, футбол алаңдары пайда болмақ және Петропавлда тағы бір спорт сарайы бой көтереді.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда “Nur Otan” партиясында “Праймериз” – партияішілік сайлау өткен болатын. Оған қатысуда жергілікті жас нұротандықтар белсенділік танытып, 20 пайыздық квотаға ие болған. Нәтижесінде 20 мен 35 жас аралығындағы азаматтар болашақ халық қалаулысы атануға мүмкіндік алып отыр. Біздің өңірден облыстық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан кандидатурасын 3 жас ұсынған.

Ешкенова Дана