Қоғам

Католиктер Рождество Христово мерекесін атап өтті

Әлем католиктері Рождество мерекесін тойлауда. Мейрамды олар желтоқсанның 24-інен 25-іне қараған түні қарсы алды.

Дәл осы күні Ииусус Христос Вифлеемде өмір есігін ашқан деп есептеледі. Рождествоны тойлау дәстүрінің тарихы тереңде жатыр. Оны католиктер алғаш рет “христиан” ресми түрде дін ретінде тіркелгеннен бері, яғни 4-ші ғасырдан бері атап өтуде. Әдетте мейрамды христиандар шіркеуде Құдайға құлшылық етуден бастайды. Биыл карантинге байланысты мерекені тек үйде, отбасымен бірге қарсы алу туралы шешім қабылданды. Жанұя мүшелері бас қосып, өкпе-реніштері болса, бір-бірінен кешірім сұрап, алғыстарын білдіреді.

Петр Лахета – “Әулие Троица” рим-католик шіркеуінің настоятелі:

–  25 желтоқсан христиандар Рождество мерекесін тойлайды. Біз кешегі күннен бастап мерекені бастап кеттік. Жыл сайын бұл мерекеде жиналып бірге құлшылық жасасақ, биыл карантинге байланысты әр отбасы бұл мерекені өз шаңырақтарында қарсы алады.

Алдияр Айтпаев