Құқық қорғау органдары

Өңір тұрғындарының атына несие рәсімдеген шымкенттік ұсталды

Басқа қалада отырып, 5 бірдей солтүстікқазақстандықтың атына жарты миллион теңге несие рәсімдеген! Осындай күдікпен жергілікті полицейлер 31 жастағы шымкенттік интернет-алаяқты қолға түсірді. Тергеп-тексеру амалдары кезінде ер адамның бұрындары осыған ұқсас бірнеше қылмыс жасағаны анықталды.

 

Ағымдағы жылдың маусымы мен қыркүйегі айлары аралығында Петропавл қалалық полициясы басқармасына 5 адам бір тектес арызбен жүгінген. Олардың аттарына бәзбіреу микроқаржылық ұйымдардан несие рәсімдепті. Құйтырқы әрекет интернет арқылы жасалған екен. Арыз түсе салысымен, жергілікті мамандар іздеу шараларына кіріскен. Нәтижесінде шымкенттік тұрғынның алаяқтық іске қатысы бары анықталады. 31 жастағы ер адам сонау Шым қалада отырып, 500 мың теңгені қалтасына басқан. Күдікті өз үйінде ұсталды. Көп ұзамай Петропавлға жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру кезінде жасаған ісін толық мойындаған.

– Сізді не себепті ұстағаны жайында айтып беріңізші?
– Мен интернет арқылы танымайтын тұлғалардың аттарынан өтініш қабылдап, микрокредиттік организациялардан займ алғанмын. Сол себепті мені ұстап, осы жерге алып келді.
– Тұрғындардың жеке деректерін қайдан алдыңыз?
– Ақпараттардың барлығын интернеттен алдым. Барлығы интернет арқылы жасалды
00:10 – 00:46 – Сонда несиені рәсімдегенде растау кодттары, СМС-тер сұрамады ма?
– СМС-тер келді. Ол жерде мен телефонға басқа нөмір салып, жаңадан нөмір тіркеп, сол нөмір арқылы істегем. Потом ол нөмірді тастап жібердім.

Жангелді Әпенов – Петропавл қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі:

– Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабы, 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қарастырылуда. Сондай-ақ, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталды. Аталған баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Полицейлер солтүстікқазақстандықтарға интернет алаяқтардан сақ болу қажеттігін ескертеді. Және сан соғып қалмас үшін жеке деректерді, құжаттардың фотосуреттерін ешкімге жібермеу керек.

Казиканова Алтынай