МТРА жаңалықтары

Жемқорларды түрмеден мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды

Енді жемқорлар түрмеден мерзімнен бұрын босатылмайды. Желтоқсанның 20-сы күні ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңға енгізілген өзгерістерге қол қойды.

Жалпы қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістер мынадай: бірінші, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынды. Екіншіден, сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарды бірден қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жіберу мүмкіндігі жойылды. Яғни, олар өз жазаларын бұрынғыдай қолайлы жағдайда өтей алмайды. Үшіншіден, құқық қорғау қызметкерлері мен судьяларға бармақ басты көз қыстылық жасағандары үшін жаза күшейтілді. Енді бұл санаттағы жандар 50 АЕК-тен кем мөлшерде пара алса, оларға ауыр қылмыстың жауапкершілігі жүктеледі және 5 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Бердимурат Баймухан