Әр түрлі

Тауарды аларда неге мән берген жөн

Санаулы күндерден кейін Жаңа жыл келеді. Мерекеде дастарханды жайнатып, жылды қарсы алу үшін солтүстікқазақстандықтар сауда орындарына барып, азық-түлікті молынан алады. Осы кезде сапалы тауар алу үшін қандай талаптарды ескерген жөн?

Бүгін осы сұраққа Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша бақылау инспекторы Азамат Кәрімов жауап берді. Маман кез келген тауарды алмас бұрын біріншіден, өнімнің сертификатталуына мән беру қажет дейді. Осы орайда Азамат Кәрімов сертификаттау – өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын ең сенімді кепілдік болып табылатынын қосып өтті. Сонымен қатар, “тауардың метрологиясы” мен “таңбалануы” деген түсініктерге анықтама берді.

Азамат Кәрімов – СҚО бойынша мемлекеттік бақылау инспекторы:

– Көбі “метрология” терминін естіп, түсінбей жатады. Метрология – бұл өлшеу туралы ғылым. Сауда-саттықта барлығы өлшенетіні белгілі. Сондықтан, сауда нысандарында міндетті түрде бақылау таразысы болуы керек. Сатушы тауарға салмақ қосып, артық ақша алмауы үшін тұтынушы таразының дұрыс жұмыс істейтіндігіне көз жеткізуге құқылы.

 

Казиканова Алтынай