МТРА жаңалықтары

Нұротандықтар ZOOM платформасы арқылы сайлаушылармен байланысқа шықты

Шаһарда соңғы үш жылдың ішінде еңкіш тартқан 1 мыңнан астам баспана сүрілген. Олардың орнында көпқабатты үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтеруде. Биылдың өзінде қала тұрғындарының игілігіне 3 мың пәтер берілмек.

Ал 2021-де бұл көрсеткіш одан әрі артады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер, “Основание” құрылыс компаниясының директоры Сергей Тимофеев ZOOM платформасы арқылы сайлаушыларға баян етті.

Сергей Тимофеев – қалалық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер:

– “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасының ең басты міндеттерінің бірі – халықтың әл-ауқатын жақсарту. Бұл құжатта адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсетілген. Ал өңірімізде аталған бағытта ауқымды жұмыс атқарылып жатыр деп сеніммен айта аламын. Қаламыз соңғы бірнеше жылдың ішінде адам танымастай өзгерді.

Ал Қызылжарды адам танымастай етіп өзгерткен – “Жас Өркен”, “Береке” ықшам аудандары. Соңғы жылдары мұнда ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілді. Көп ұзамай “Қапай”-да құлпырмақ. Сергей Тимофеев алдағы уақытта аталған ауданда күрделі өзгерістер орын алады дейді.

Сергей Тимофеев – қалалық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер:
– “Қапай” менің ойымша қаладағы үздік аудандардың бірі болуы тиіс. Себебі, ықшам аудан шаһардың орталығына жақын орналасқан. Сондықтан ол гүлденуі міндетті. Бүгінде күрделі өзгерістер бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Жоспар бойынша келесі жылы “Капай”-да қызу құрылыс жұмыстары бастау алмақ.

Онлайн форматта ұйымдастырылған тілдесуде қалалық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан тағы бір үміткер Павел Булаев та сөз алып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Павел Булаев – қалалық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер:

– Көшбасшы партияның сайлауалды бағдарламасы құрылды. Оның ішінде аса маңынды жобалар бар. Мысалы, 2021-2025 жылдарға арналған жоспарда Петропавлдағы су құбырларын жаңарту қарастырылған. Жұмыс шаһардың 20-дан астам көшесінде жүргізілмек. Жалпы
20 шақырым желі жаңасына алмастырылады.

Сөз соңында айта кетейік, биыл Петропавлда 10 шақырымнан астам су құбыры жөнделіп, жаңартылған.

Дана  Ешкенова