Көпбалалы ана ірімшік дайындаумен айналысады

МТРА жаңалықтары

22:14 24 Желтоксан 2020

Качотта, белпер, кнолле мен камамбер. Петропавлдық нәзікжанды үйінде ірімшік дайындаумен айналысады. Өнімдерінің барлығы – итальяндық және франциялық тағамдар. Арманын жүзеге асыру үшін іскер жан мемлекеттен 550 мың теңге көлемінде грант ұтып алыпты. Қолға түскен қаржыға ірімшік дайындайтын қымбат құрылғы сатып алған екен.

 

Гамида Осинцева – көпбалалы ана. 4 бірдей ұл тәрбиелеп отыр. Күйеуі – қызметте, ал өзі үйде шағын кәсіппен айналысады. Ол мынадай құрылғының көмегімен шетелдік үлгідегі ірімшік жасап сатады екен.

Гамида Осинцева:

 

– Мынау автоматты ірімшік қайнататын аппарат. Қондырғы сүтті өзі пастерлейді, қыздырады және суытады. Мен тек сүтті қазанға құйып қажетті параметрлерді енгіземін. Осылайша сүт ұйып, ірімшікке айналады.

Гамида ірімшікті ешқандай қоспасыз, 100 пайыз сүттен дайындаймын дейді. Ақты жергілікті шаруалардан сатып алады. Осылайша аптасына 120 литр сүттен 50 келі өнім жасайды.

Гамида Осинцева:

 

– Ірімшік қайнататын қондырғымен бір ретте 40 литр сүт өңдей аламын. Бұрын істің барлығын қолмен жасайтынмын. Ол өте қиын процесс және ұзақ уақытты қажет етеді. Мен сияқты көпбалалы ана үшін қосымша күш керек болды. Сол үшін мына қондырғыны 555 мың теңгеге сатып алдым.

Арманын жүзеге асыруға «Бастау» жобасы көмектесті дейді. Биыл ол мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп, 550 мың теңге грантқа ие болды. Қолға түскен қаржыға заманауи қондырғы сатып алып, бүгін үйіндегі шағын кәсібін дөңгелетіп отыр. Қазір Гамиданың үстелінде дәмі тіл үйіретін ірімшіктің түр-түрі тұр. Көбінесе итальяндың үлгідегі өнімдер. “Качотта”, “качаковалло”, “белпер”, “кнолле”, “камамбер” мен “моцарелло”. Тіпті, жаңғақ, шие, қара бұрыш пен бал қосылғандары да бар.

Гамида Осинцева:

 

– Ірімшіктің қиын түрі – бапталғаны. Оны күнде тексеріп, аударып отыру қажет. Кейбір түрлері 2-3 ай немесе жарты жыл бапталады. Сондай-ақ, бұл ірімшіктерді белгілі бір температура мен ылғалдылықта сақтау қажет.

Көпбалалы кәсіпкер Қазақстандағы және Ресейдегі әріптестерімен жиі хабарласып, тәжірибе алмасып отырады. Жалпы ірімшік жасаумен 5 жылдан бері айналысып келемін дейді. Қазіргі күні тұрақты сатып алушылары да бар екен. Гамида өндіріс көлемін ұлғайтпақшы. Жақында нәзікжандының бизнес жобасы облыстық әкімдікте қолдау көріп, мелекет тарапынан 5 млн теңге қайтарымсыз грант беріліпті. Қазір Гамида шетелден 300 литрлік ірімшік дайындайтын қондырғы, пневматикалық сыққыш пен 1400 литрлік тоңазытқышқа тапсырыс беріпті. Аппараттар әкелінген соң ауласындағы мына ғимаратты сүт өңдейтін үлкен орынға айналдырамын және итальяндық пен франциялық «чедер», «демуан» секілді қымбат ірімшіктерді жасаймын дейді. Сондай-ақ, 3 адамды жұмысқа алуды жоспарлап отыр екен.

Бердимурат Баймухан

 

Бұдан әрі оқыңыз

Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Президент мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды
“Nur Otan” партиясы СҚОФ фракциясының отырысы өтті
Техникалық реттеу және метрология комитетінің жергілікті департаменті өткен жылды қорытындылады
2006 жылғы 200 теңгелік банкнот заңды төлем құралы болып есептеледі
Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар жаңаша қаржыландырылады
10 жылда алғаш рет өңірде бал аралары қыстауда
Бүгін СҚО толығымен цифрлық телехабар таратуға көшті
Былтыр өңірде 2 мемлекеттік қызметші жұмысынан босатылған
Жаңа ереже
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткен жылды қорытындылады
Өткен жылы дәріханаларға 600-ге жуық тексеріс жүргізілген