Спорт

“Qyzyljar М” ФК жаңа маусымға дайындалуда

“Qyzyljar М” футбол командасы жаңа маусымға қызу дайындалып жатыр. Қазіргі таңда жерлестеріміз “Жастар” стадионында жаттығуда.

Мұнда спортшылар аптасына 3 рет бас қосып, шеберліктерін шыңдайды. Алаңда аяқ допшылар тактикалық тұрғыда сауаттылықтарын арттырса, қалған күндері спорт залда физикалық күштерін арттырады. Алдағы қаңтар айында қатарға орталық шәкірттері қосылмақ. Оқу-жаттығу жиындары кезінде олардың арасынан үздіктер іріктеліп, құрамаға қосылатын болады. Айта кетейік, бүгінде футбол орталығында 300-ге жуық бала тәрбиеленуде.

Алексей Данаев – “Qyzyljar М” ФК жаттықтырушысы:

– Қазір ойыншылар “Qyzyljar” М командасына қосылу үшін бар күштерін салып жатыр. Олардың жас айырмашылықтары әртүрлі. Бірақ, барлығы талантты. Іштерінен үздіктерін таңдап аламыз. Жастар келесі маусымда біздің құрамаға күш бермек.

 

 

 

 

Алдияр Айтпаев