Құқық қорғау органдары

Полицейлер қала тұрғынынан наган тапаншасын тәркіледі

20-шы ғасырдың ортасына тиесілі дүние! Жергілікті криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-шара барысында қала тұрғынынан наган тапаншасын тәркіледі.

Суық қару сонау 44-ші жылы шығарылыпты. 29 жастағы әйел адам оны 6 оғымен қоса үйінде заңсыз сақтап келген. Тексеру барысында ескі револьвер атуға жарамды болып шықты. Жәдігердің кімге тиесілі екендігі, келіншектің қолына қайдан түскені анықталып жатыр. Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша іс қозғалды. Әйел адамның тапаншаны тасымалдағаны немесе өзімен бірге алып жүргені белгілі болса, онда оған 10 мың айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін айыппұл салынбақ немесе қоғамдық жұмыстарға тартылады.

 

 

 

 

Алдияр Айтпаев