Тұлға

“Менің отбасым – уақыт өткелінде” атты кітаптың тұсауы кесілді

Бүгін Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада жергілікті әйелдер күштері альянсының төрайымы Бақытжан Сәмиеваның кезекті кітабының тұсаукесер кеші өтті.

“Менің отбасым – уақыт өткелінде” деп аталатын еңбекте автор өзінің жанұясы мен жалпы отбасылық құндылықтар жайлы жазыпты. Сиясы әлі кеуіп үлгермеген туындыда жерлесіміз өзінің еңбек жолын, көрген қиындықтары мен қызықтарын да баяндаған екен. 106 беттен тұратын кітап орыс тілінде 500 данамен басылып шықты.

Бақытжан Сәмиева – СҚО әйелдер күштері альянсының төрайымы:

– Жерлестеріміз осы кітапты оқып, Бақытжан апамыз қандай екен деген ойда болады деп ойлаймын. Кезінде менің әкем кітап жазғанда алғы сөзінде: “Менің ұрпақтарым Мағжан аға мен Сақыш тәте кім болған деп ойлайды деп жазып өткен”. Бұрын бұл сөздерді оқығанда ойыма ештеңе келмейтін, кейін түсіндім. Содан соң, отбасымыз жайлы 2-ші кітапты өзім жаздым. Ал бұл – отбасымыз жайлы 3-ші кітап.

Казиканова Алтынай