Konstitutsia banner mobile

Құқық қорғау органдары

Полицейлер 170 млн теңгені тонауға қатысы бар күдіктіні ұстады

Осыдан бір жыл бұрын Ақжар ауданындағы элеваторға қарақшылық шабуыл жасап, 170 млн теңгені тонауға қатысы бар деген күдікпен 2-ші адам ұсталды. Оның біреуі қаңтар айында құрықталған болатын.

Негізі елді елең еткізген оқиғаға 4 тұлғаның қатысы бар. Олар өткен жылдың күзінде “Талшық Астық LTD” серіктестігіне баса-көктеп кіріп, шолақ мылтықпен қызметкерлерді қорқытып, 170 млн теңгені қолды қылған. Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында ұсталған күдікті жергілікті тергеу изоляторында қамауда отыр. Ол жасы 33-тегі Көкшетау тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары қалған топ мүшелерін іздестіруде.

Алдияр Айтпаев