МТРА жаңалықтары

Петропавл жаңажылдық үлгіде безендірілді

Жаңа жыл қарсаңында Петропавлдың ажары ашыла түсті. Орталық көшелер мен саябақтар / жарқ-жұрқ еткен шамдармен безендірілуде. Бұл кешке сұлу қаламен серуендейтін тұрғындардың көңілінен шыққан сыңайлы.

Жанна Бисенова – тілші:

– 1 жарым аптадан соң Тышқан жылын шығарып салып, Сиыр жылын қарсы аламыз. Мерекеге қала тұрғындары тыңғылықты әзірленіп жатыр. Конституция көшесінде мынадай шамдар ілінген. Күндіз көрініс осылай болса, қаланың қақ ортасындағы көше кешке мынадай кейіпке енеді.

Мұндай жарқыраған шамдардың арасында жүрген адам өзін ертегі әлемінде жүргендей сезінетіні сөзсіз. Оған қоса, бүгін күндіз орталық алаңға шырша орнатылып, безендірілді. Конституция көшесі бойында Жаңа жылдың 2 бірдей нышаны мен мұндалап тұр. Мерекеге орай облыс орталығының өзге де көшелері әсемделетін болады.

 

 

Бисенова Жанна