Құқық қорғау органдары

Спайс сатумен айналысқан петропавлдық 7 жылға темір торға тоғытылды

Есірткінің синтетикалық түрін сатумен айналысқан петропавлдық 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 27 жастағы жігіт 11 жылдан бері спайс саудалап келген және зиянды затты өзі де қолданған.

Ол биылғы көктем айында тәртіп сақшыларының назарына түседі. Полиция қызметкерлері жігіттің іс-әрекетін жіті бақылап, шілдеде құрықтаған. Ұсталған күні оның пәтерінен бірнеше грамм тыйым салынған заттар мен 800 мың теңгеге жуық ақша табылған. Жалпы, үстіміздегі жылдың 11 айы ішінде облыста есірткі айналымына қатысты 205 қылмыстық іс тіркелген. 500 келіге жуық наша тәркіленіп, көзі жойылған.

Қуандык Қапаров – қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің аға жедел уәкілі:

 

– «Спайс» – синтетикалық каннабиноид, әсері күшті есірткінің бір түрі болып табылады. Алынған концентрат 200-ге жуық доза дайындауға жеткілікті. Қылмыскер ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотталды.

Маржан Касымбек