Қоғам

Облыс орталығында биыл мұз төбешігі жасала ма

Бұдан кейін Құмар Ақсақалов журналистердің сұрақтарына жауап берді. Әңгіме барысында тілшілер Жаңа жыл мерекесіне орай мұз төбешіктерінің қашан салынатынын сұрады. Коронавирусқа байланысты өлкедегі эпидахуал біршама түзеліп, қатаң карантин ережелері жеңілдетілген болатын. Десе де санитарлық дәрігерлер әлі рұқсат бермеген көрінеді.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Қазір біз мұз қалашықтарын тұрғызуға кірістік. Ал төбешіктерді салу әлі ерте дейді эпидемиологтар. Санитарлық дәрігерлер сырғанақ тебуге рұқсат берсе, біз оны әп-сәтте-ақ жасаймыз. Ол үшін 2-3 күн ғана керек. Мен қарсы емеспін, бірақ мамандардың шешімін күту қажет.

Эльмира Садвокасова