Энергетика

Өңірде 1 қаңтардан бастап электр энергиясы қымбаттайды

Солтүстік Қазақстан облысында 1-ші қаңтардан бастап электр энергиясы қымбаттайды. Бұл жайлы бүгін “Севказэнергосбыт” серіктестігінің өкілдері онлайн форматта өткен қоғамдық тыңдауда баян етті.

Бүгінде кәсіпорын 164 мың абонентке қызмет көрсетеді. Оның 92 мыңы – петропавлдықтар. Әр ауыл тұрғыны ай сайын орташа есеппен 50 кВт электр энергиясын тұтынады екен, ал қала тұрғыны үшін бұл көрсеткіш 70 кВт-ты құрайды. Бүгінде 1 кВт электр энергиясы  қосымша құн салығын есептемегенде 15,35 теңге тұрады. Алдағы уақытта бұл сома 16,77 теңгені құрамақ. Мұндай өзгеріс биыл компанияның шығынға батуына байланысты туындап отыр.

Мағауия Сағандықов – “Севказэнергосбыт” ЖШС бас директоры:

– Биыл электр таратушы ұйымдарға арналған 5 жылдық тариф мерзімі аяқталады. Келесі жылы қолданысқа енетін жаңа тариф 9,3%-ға өседі.

Бердимурат Баймухан