Спорт

Жергілікті “Құлагер” ХК өскемендік “Торпедо” ХК кездесті

Желтоқсанның 18-і мен 19-і күндері петропавлдық “Құлагер” хоккей клубы көшбасындағы “Торпедо” командасымен кездесті.

Алғашқы матчта жерлестеріміз өскемендіктерден жеңіліс тапты. Александр Троицкийдің шәкірттері қақпаларына жауапсыз 4 бірдей шайба жіберіп алды. Ал қарымта ойында солтүстікқазақстандықтар есе қайтарды. Тартысты бәсеке 1 де 0 есебімен аяқталды. Нәтижесінде жергілікті команда турнирлік кестеде 5-ші орынға жайғасты. Құлагерліктердің келесі қарсыласы – “Теміртау” құрамасы. Теміртаулықтарға қарсы қос матч желтоқсанның 22-і мен 23-і күндері Петропавлда өтеді.

Ешкенова Дана