МТРА жаңалықтары

Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер тұрғындармен кездесті

Білім мен мәдениет саласын дамыту. Ауылдағы жолдардың барлығын қалыпқа келтіру. Осы аптада Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Кладбинка ауылының тұрғындарымен кездесті. Әлия Нұрмағамбетова «Айнагүл» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі болып қызмет етеді. Маман халық қалаулысы болып жатсам, аудандағы барлық сала бойынша түйткілді мәселелерді шешуге ат салысамын дейді.

Әлия Нұрмағамбетова – Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер:

– Мен депутат ретінде барлық саланы қамтитын боламын. Мәселен, қазір бізге жол керек. Жарық, ауыз су керек. Сол бағыттар бойынша жұмыс жасаймын.

Үгіт-насихат жұмыстары кезінде кандидаттарға тұрғындардан бірнеше сұрақтар түсті. Мәселен, Роза Андрееваны ауылдағы кітапхана жайы толғандырады. Нәзікжанды ғимараттың аумағы кеңейсе екен дейді.

Жалпы, Жамбыл ауданынан кандидат ретінде 23 адам тіркелген.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан