COVID-19: Қазақстан

СҚО-да өткен тәулікте 66 адам инфекция жұқтырған

Енді эпидемиологиялық ахуалды баян етейік! Өткен тәулікте СҚО-да 66 адам инфекция жұқтырған. 55 тұрғынның бойында ауру белгілері анық байқалады. Ал 11 адам симптомсыз науқастар тізіміне енгізілді.

Індетке шалдыққандардың басым бөлігі Петропавл қаласында тіркелді. Облыс орталығында 34 жағдай анықталып отыр. Мамлют ауданында – 13, Айыртауда – 5-еу, Қызылжарда – 3-еу, Есілде қос жағдай, Уәлиханов ауданында 1 факті есепке енді. Ал М.Жұмабаев пен Аққайың аудандарында вирусты 4 адамнан жұқтырған. Жалпы, өткен тәулікте өлкеде ПТР әдісімен 544 зерттеу жүргізілген.

Култанов Байболат