Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мемлекет басшысы Еңбек кодексіне түзетулер енгізді

Мемлекет басшысы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізді! Қолда бар ақпарға сүйенсек, Еңбек кодексінде біршама жаңашылдық орын алған.

Әрқайсысын жіпке тізейік. Бұдан былай жіберуші тараптың қызметкерлерін еңбекақы төлеу кезінде кемсітуге тыйым салынады. Ауыр, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыспен айналысатын жіберуші тараптың қызметкерлеріне жыл сайынғы қосымша ақы төленетін демалыс беріледі. Ауыр жұмыстарда, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда тер төгетін жетекші тараптың қызметкерлеріне жоғарылатылған лауазымдық жалақы немесе қосымша төлемдер белгіленеді. Сонымен қатар, соңғы аталған санаттағы мамандарға қысқартылған жұмыс уақыты бекітіледі.

Бердимурат Баймухан