ТЖ

Құтқарушылардың техникасы қауырт маусымға сақадай сай

Солтүстікқазақстандық құтқарушылар қауырт маусымға сақадай сай отыр.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы Мұрат Қанғожинов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде қысқа дайындықтары жайында баян етті. Мамандар өткен жылы қар құрсауынан 650-ге жуық адамды құтқарған екен. Былтырғы қауырт кезеңді ескере отырып, биыл мыңнан астам арнайы техника әзірлеп қоған. Қуатты техника қар көп түсетін аудандарда шоғырланған.

Мұрат Қанғожинов – СҚО ТЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы:

– Сонда-ақ, 14 мобильді іздеу тобы құрылды. 300 жылыту қосыны әзірленді және көктайғақ болған жағдайда трассаға себілетін 102 тонна инертті материал дайын тұр.

 

 

 

Ешкенова Дана