МТРА жаңалықтарыДенсаулық сақтау

Өңірде үздік медицина қызметкері анықталды

Облыстық көпбейінді ауруханада Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілген “Үздік медицина қызметкері” байқауының қорытындысы жарияланды.

Сайысқа 30-дан астам маман қатысыпты. Жүлдегерлерді анықтау үшін емдеу мекемесінде арнайы қазылар алқасы құрылған екен. Олар байқаудың ережесіне сәйкес ақ халатты абзал жандардың күнделікті жұмыстарын бақылап, жеке қасиеттерін бағалаған. Сондай-ақ, науқастар арасында сауалнама да жүргізіпті. Осының нәтижесінде 6 номинация бойынша жеңімпаздар анықталған. Топ жарғандарға 150 және 200 мың теңгелік сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Юрий Белоног – облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері:

– Байқау осымен үшінші жыл өткізіліп отыр. Біз жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етуге тырысамыз. Мәселен, алғашқы жылы жеңімпаз атанғандарға тіпті Египетке жолдама табыстадық. Кейін ақшалай сыйақы беруге көштік. Жалпы, конкурстың мақсаты – медицина қызметкерінің беделі мен мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру.

 

 

Казиканова Алтынай