МТРА жаңалықтары

“Есіл су” филиалының мамандары зейнеткерді үйіне мерекемен құттықтап барды

Тәуелсіздік күніне орай “Есіл су” филиалының мамандары бұрынғы әріптестері Галина Чучалованы / үйіне / мерекемен құттықтап барды.

Зейнеткер кезінде “Нұра топтық су құбыры” шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын құрамында 10 жыл бойы есепші болып еңбек еткен. Құрметті еңбек демалысына шыққанына – биыл 13-ші жыл. 71 жастағы қарияның айтуынша  бұрынғы әріптестері айтулы даталарда үйіне келіп құттықтап, үнемі қолдау көрсетіп отырады екен. Тіпті, қатаң карантин кезінде де азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізіп берген. Бүгін де сол дәстүрден жаңылмай, мереке қарсаңында құттықтай келді.

Галина Чучалова – қала тұрғыны:

– Осындай мерекеде мені ұмытпай, сыйлап жатқандары үшін кәсіпорын ұжымына алғысымды білдіремін. Расымен де қуаныштымын. Осы сәтті пайдаланып барша солтүстікқазақстандықтарды мерекемен құттықтағым келеді. Егемендігіміз мәңгі болсын! Ең бастысы, ешкім ауырмай, індеттен аман шығайық!

 

 

Казиканова Алтынай