МТРА жаңалықтары

Тәуелсіздік туын биік көтерген – Абылай хан

Тәуелсіздік туын биік көтерген – Абылай хан. Осындай атаумен облыс орталығында ел тарихын баяндайтын көрме өтті. Шарада бүгінгі Қазақстанның қалыптасуына ықпал еткен әрбір саяси тұлға мен оқиғаларға шолу жасалды.

Экскурсия жүргізушісі маңызды кезеңдердің бірі әрі бірегейі – Қазақ хандығының өмір сүрген жылдарына тоқталды. Сондай-ақ, Ресей империясына қосылып, кейін Кеңес Одағына өткен уақыт туралы да әңгімеледі. Халқымыз тәуелсіздігіне қол жеткізгенше талай қиын-қыстау дәуірлерді, қанды-қырғын соғыстарды бастан өткерді. Соған қарамастан ата-бабаларымыз Алтайдан Атырауға, Арқадан Алатауға дейінгі ұлан-ғайыр қазақ жерін сақтап, кейінгі ұрпаққа аманат етті. Бірнеше ғасырға созылған егемендікке жету жолының нүктесі 1991 жылдың 16 желтоқсанында қойылды. Әлем картасында өзіне бөлек Қазақстан Республикасы пайда болды. Абылай хан резиденциясының мамандары әзірлеген көрмені музей кешенінің Фейсбук, Инстаграм, You Tube желілеріндегі парақшасынан тамашалауға болады.

Назгүл Бейсембина – “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің экскурсия жүргізушісі:

– Елбасы Н.Назарбаев Конституцияға қол қойған сәттен бастап тәуелсіздігіме 29 жыл толды. Осы қысқа мерзім ішінде еліміз талай жетістіктерге жетіп, барша әлемге танылды.

 

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан