Шыршаларды күзету күшейтілді

МТРА жаңалықтары

21:36 14 Желтоксан 2020

Шыршаға да күзет керек. Бақылау болмаса, көлденең жүрген көк атты шауып алып кетуі мүмкін. Өңір шаруашылықтарында қазір 101 мобильдік топ жұмыс істейді, 24 бақылау бекеті құрылған.

Жаңа жыл жақындаған сайын қорықшылардың да жұмысы күшейе түседі. Қызылжар орман шаруашылығының мамандары күндіз-түні 20 мың гектардан астам жерді қарап өтеді. Өйтпеген жағдайда шыршаға қызыққан жандар оны рұқсатсыз кесіп алып кетуі мүмкін.

Александр Итюкин – “Қызылжар орман шаруашлығы” КММ қорықшысы:

– Соңғы жағдай осыдан 5 жыл бұрын тіркелген болатын. Новокаменка ауылының 25 жастағы тұрғыны ағашты кесіп жатқан жерінен ұсталды. Оған салмақты көлемде айыппұл салдық.

Шырша кесу фактілерінің азаюына – оған қатысты заңның қатаңдатылуы себеп. Өйткені, бір ағашты кессе 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл – шамамен 40 мың теңге әрі кесілген жасыл желектің ұзындығы 1 метрден асса айыппұл еселей түседі.

Серік Сабыров – “Қызылжар орман шаруашлығы” КММ орманшысы:

– Қызылжар орман шаруашылығының аумағында 3 орман күзетіледі. Олар: Боголюбово, Тепловское және Куйбышев шаруашылықтарында орналасқан. Жалпы аумағы 70 мың гектарды құрайтын алқапты 13 мобильдік топ қадағалайды. 1 топта – 2 адамнан.

Ал облыс бойынша 101 мобильдік топ және 24 бақылау бекеті жұмыс істеуде.
Қазір құтқарушылар да қауіпсіздік шараларына баса көңіл бөліп жатыр. Мәселе пиротехникалық заттарға қатысты. Осы ретте мамандар жаңажылдық жарқылдақтарды мамандандырылған сауда нүктесінен және міндетті түрде сертификаты барларын ғана сатып алуға кеңес береді. Оны қолдану тәртібін де ұмытпаған жөн.

 

 

 

 

Бисенова Жанна

 

Бұдан әрі оқыңыз

Нұротандықтар жарнама жасаушы мамандармен жүздесті
СҚО-да “AQ JOL” партиясы атынан сайлауға 16 адам түседі
Қазақстанда айлық есептік көрсеткіштің көлемі өзгерді
СҚО-да телевизиялық хабар тарату жүйесі цифрлық форматқа ауысады
«Qyzyljar – Adaldyq alańy» азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізді
Ауыл шаруашылығы – басты назарда
Нұротандықтар қала тұрғындарымен кездесті
Нұротандықтар қала тұрғындарымен кездесті
СҚО-да биыл телефон алаяқтарына қатысты 426 факті тіркелді
«Qyzyljar – Adaldyq alańy» кезекті монтиторинг жүргізді
Президенттің “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласы жарияланды
Кандидаттар “Nur Otan” партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда