Білім

Республикалық “Ашық мектеп” журналы 50 мектепке үлестірілді

Өңірдің шалғай елді мекендерінде орналасқан мектеп ұжымдарын білім берудің жаңа технологияларымен таныстыру. Бүгін осындай мақсатпен жергілікті “Өрлеу” филиалында республикалық “Ашық мектеп” журналының 50 данасы үлестірілді.

Бірі білсе, бірі білмес. Журнал 2 тілде басылып шығады. Тәуелсіздік күніне орай таратылып жатқан басылым Алматы қаласынан арнайы жіберіліпті. Бұл – туындының 200-ші шығарылымы екен. “Ашық мектеп” журналында 1-11-ші сыныптарға білім берудің озық әдіс-тәсілдері көрсетілген.

Гүлмира Алина – Алқатерек орта мектебі директорының орынбасары, Ақжар ауданы:

– Біз бұл журналдан әкімшілік ретінде өзімізге керек педагогикалық кеңестер, семинарлар, ата-аналар жиналысын өткізуге керек мәліметтерді ала аламыз. Журнал – педагогтар үшін үлкен көмек. Сондай-ақ, мұнда олар өздерінің мақалаларын да жариялай алады және ата-аналарға да түрлі кеңестер берілген.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан