Құқық қорғау органдары

СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев жылды қорытындылады

СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев жылды қорытындылады. Есептік жиын онлайн түрде ұйымдастырылды.

Облыс аумағында жыл басынан бері 4 жарым мыңнан астам қылмыс тіркелген. Биыл өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға төмендеу байқалады. Адам өлтіру фактілері мен денсаулыққа зиян келтіру жағдайлары азайған екен. Facebook желісінде тікелей эфирде өткен онлайн-есеп беру барысында тұрғындардан біраз сұрақ түсіпті. Дені есірткі сайттарын бұғаттау, жол белгілерін орнату, тұрғылықты жері жоқ жандармен жүргізілетін түсіндіру жұмыстарына қатысты. Кейбір мәселелердің шешімі өзге мемлекеттік органдармен бірігіп әрекет жасауды қажет етеді. Осы орайда барлық түйіннің тарқатылуы жіті бақылауда болмақ. Жыл басынан бері департамент бастығы бұйымтайымен келген 100-ден аса адамды қабылдаған. Жиында жеке құрамның тәртібі де қаралды.

Марат Төлебаев – СҚО ПД бастығы:

 – Кінәлі деп танылған тәртіп сақшысы ғана емес, оның тікелей басшысы қатаң тәртіптік жазаға тартылады. Жыл басынан бері түрлі деңгейдегі 60-тан астам басшы жауапкершілікке тартылып, олқылыққа жол берген 21 қызметкер жұмыстан шығарылды.

 

 

 

Ешкенова Дана