COVID-19: Қазақстан

Президенттік шырша ұйымдастырылады

Жаңа жыл қарсаңында Петропавлда дәстүрлі Президенттік шырша ұйымдыстырылады. Бұл жайлы облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында мәлім етті.

“Ғажайыпқа толы – Жаңа жыл” атты онлайн іс-шара желтоқсанның 24-іне жоспарланған. Оған солтүстікқазақстандық 200 оқушы қатыспақ. Олар – ата-ана қарауынсыз қалған, жетім, мүгедек ұл-қыздар мен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары. Сонымен қатар, кешке оқуда, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде белгілі бір жетістікке жеткен шәкірттер ат салыспақ. Ал, желтоқсанның 25-інен бастап мұндай мерекелік жиындар өңір аудандарында ұйымдастырылмақ. Көңілді басқосуларда санитарлық талаптар қатаң түрде сақталады.

Гүлмира Кәрімова – СҚО білім басқармасының басшысы:

– Жаңа жылдық кештер облыстық телевизиялық арналар мен әлеуметтік желілерде көрсетіледі. Сондықтан бұл бағдарламаны кез-келген бала көре алатын болады. Қажетті дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа жылдық сыйлықтар мен техникалық жабдықтар дайындалуда.

Бисенова Жанна