МТРА жаңалықтары

Желіде жалған ақпарат тарады

Желіде жалған ақпарат жүр. “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті “Н.Ә.Назарбаевтың №90 хатына сәйкес Қазақстан Республикасының ірі қалаларын карантинге жабуды тапсырамын”.

Соңғы күндері отандастарымыздың мессенджерлерінде осындай ақпарат кең тарап кетті. Хабарламада еліміздің 3 үлкен қаласы мен 6 облысы көрсетілген. Сондай-ақ, аталған елді мекендерде 14-ші желтоқсаннан бастап қатаң шектеу шаралары енгізілсін деп жазылған. Премьер-Министрдің баспасөз қызметі бұл мәліметті жалған деді және фейк ақпараттарға сенбеу керектігін ескертеді.

 

Бердимурат Баймухан