Аптадағы маңызды жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан – сары аймақта

Солтүстік Қазақстан облысы “қызыл” аймақтан “сары” аймаққа өтті. Соңғы аптада өңірімізде вирусқа шалдығу жағдайларының біртіндеп азаюы байқалады.

Өткен тәулікте 72 солтүстікқазақстандықтың бойынан covid-19 инфекциясы анықталды. Оның 44-інде ауру белгілері айқын байқалады.

Статистикаға толығырақ тоқталсақ, желтоқсанның 9-ы күні 23 петропавлдық дертке шалдыққан. Тайыншада 15 жағдай анықталса, Қызылжар ауданында 12 факті тіркеліп отыр. Ал М. Жұмабаев пен Уәлиханов аудандарында 5 тұрғыннан вирус жұқтырған. Кеше облыстағы 4 зертханада 2 мыңнан астам ПТР тестілеу жасалды. Жалпы, көктемнен бері 7234 солтүстікқазақстандықтың бойынан індет белгілері табылған.

 

 

Бисенова Жанна