Konstitutsia banner mobile

Спорт

Жергілікті хоккейшілер тағы да жеңіске жетті

Кеше петропавлдық “Құлагер” мен өскемендік “Алтай Торпедо” командалары арасында қарымта кездесу өтті.

Айдын иелері бұл жолы да жеңіс тойын тойлады. Жерлестеріміз шығысқазақстандықтарды 4 те 1 есебімен ұтты. Теріскейліктер сапынан Денис Стасюк, Филипп Святына, Илья Ахметов пен Евгений Попитич сынды шеберлер көзге түсті. Қазір “Құлагер” хоккей клубы турнирлік кестеде 41 ұпаймен 4-ші орында тұр. Солтүстікқазақстандықтар келесі кездесулерін желтоқсанның 14-і мен 15-і күндері Петропавлда павлодарлық “Ертіс”-ке қарсы өткізеді.

Александр Троицкий – “Құлагер” ХК бас жаттықтырушысы:

– Құрама қойылған тапсырманы толық орындады. Қорғаныста да, шабуылда да сауатты ойнадық. Әрине, кейбір сәттерде қателіктер де болды. Алдағы уақытта тынбай жұмыс жасаймыз. Жанкүйерлерді қуантуға тырысамыз.

 

 

 

 

Алдияр Айтпаев