МТРА жаңалықтарыБизнес және экономика

Аудандық кәсіпкерлер палаталарымен тындырылған шаруа

Бір жылда атқарылған шаруа тілге тиек етілді. Аудандық кәсіпкерлер палатасы жылдағы дәстүрге сай есеп берулерін бастады. Алғашқылардың бірі болып жұмыс қорытындысымен М.Жұмабаев, Есіл мен Ақжар аудандары бөлісті.

Ұсынылған мәліметке сүйенсек, 181 солтүстікқазақстандық іскер жан бизнестерін – мүлде, ал 159 тұлға уақытша тоқтатқан. Бұған себеп – әлем жұртын әлекке салған пандемия. Айта кетейік, биылғы қиындықтарға қарамастан елімізде “Бастау” бағдарламасы жүзеге асырылды. Оның аясында жүздеген адам білікті мамандардан білім алып, кәсіпкерлік саласына ден қойды. Мәселен, Ақжар ауданында 9 жоба қаржыландырылған. Бөлінген сома – 21 млн теңге. Есілде 2 бастама қолдау тапты. Оларға бағытталған қаржы 10 млн-ды құрайды. Ең көп ақша М.Жұмабаев ауданында игеріліпті. Мұнда 36 бизнес жобаға 152 млн теңге жұмсалған екен.

Култанов Байболат