Мәдениет

Ақан сері атындағы 1-ші республикалық дәстүрлі әншілер байқауы мәресіне жетті

Қызылжарда өткен Ақан сері атындағы 1-ші республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өз мәресіне жетті.
Дода онлайн форматта өткізілді. Еліміздің түкпір-түкпірінен 37 өнерпаз қатысты. Оның 3-уі – солтүстікқазақстандықтар. 2 күн бойы жалғасқан байқаудың бас жүлдесі – Екібастұз қаласының дәстүрлі әншісі Жайнар Шунанға бұйырды. Жерлесіміз Еркебұлан Қарыпов та шет қалмай, 1-ші орынды жеңіп алды. 2-ші орынды алматылық Нұрболат Ұзақбай еншілесе, 3-ші орынды қарағандылық азамат пен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының әншісі бөлісті. Және өнерімен ерекшеленгендерге 3 арнайы жүлде берілді және дипломдар табыс етілді. Байқауға қатысушылардың өнерін бағалаған қазылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев те болды.

Рамазан Стамғазиев – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі:

 – Солтүстік қазақстандықтар сапынан 3 әнші қатысып, жүлделі орындарға ілікті. Қуантарлығы мұнда ұстаздардың көпшілігі, профессор, алдынғы буын халық әртістерінен мектеп қалыптасқан. Сол мұғалімдердің шәкірттері бүгін жоғары деңгейде өнер көрсетті.

 

 

 

 

 

Алдияр Айтпаев