МТРА жаңалықтары

Петропавлда «Парасатты қоғам» атты бейнероликтер байқауы жарияланды

Петропавлда халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Парасатты қоғам» атты бейнероликтер байқауы жарияланды.

Конкурсқа мектеп оқушылары мен студенттер қатыса алады. Олар қоғам дертін жою бағытында видео әзірлеп, экранда көрсетілген электронды поштаға жіберулері қажет (sko94@list.ru). Материалды кез келген құралмен түсіруге болады. Талап бойынша туындының ұзақтығы
3 минуттан аспауы тиіс. Қазылар алқасы автордың креативтілігі мен тақырыптың ашылуын бағаламақ. Жұмыстар желтоқсанның 14-іне дейін қабылданады.

Нұрлан Жахин – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Жеңген адамдарға бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Олар: квадрокоптер, планшет, смартфон және т.б. Сыйлықтар өте жақсы. Сондықтан да кез келген жас өзінің шығармашылық қасиетін көрсетіп, бағын сынай алады.

 

 

 

 

 

Казиканова Алтынай