Құқық қорғау органдары

Танаптағы түнгі ұрлық

Тайынша ауданында бөтеннің мүлкін жымқыру фактісі тіркелді. Желтоқсанның 3-іне қараған түні тәртіп сақшылары Чкалово селосы маңындағы танаптардың бірінде тоқтап тұрған автокөлікті байқайды. Машина бірден күмән туғызған. Сондықтан, мамандар темір тұлпар мен жолаушыларды тексеруді жөн көреді.

Тексеріс кезінде жүргізуші мен қос жолаушы оқиға орнынан қашып құтылмақ болған. Алайда, екеуі – сол жерде, үшіншісі келесі күні қолға түседі. Ал жүксалғыштан ұрланған ауыл шаруашылығы техникасының бөлшектері мен металл бұйымдары табылады. Көп ұзамай мүліктің аудандағы агроқұрылымдардың біріне тиесілі екендігі анықталады. Баукеспелер дүниені қойманың терезесін бұзып кіру арқылы қолды қылған. Күдіктілер – 19, 20 және 25 жастағы тайыншалықтар. Үлкендері бұрын істі болыпты. Қазіргі таңда аталған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодекссінің 188-бабы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

 

 

 

Култанов Байболат