Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-да 11 елді мекен карантинге жабылды

Коронавируспен ауырғандар санының артуына байланысты өңірде 5 ауданда 11 елді мекен карантинге жабылды.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Есіл ауданының орталығы Явленка селосында да шектеу шаралары қайта күшейтілді. Ал Уәлиханов ауданына қарасты Ақбұлақ ауылында карантин керісінше алынып тасталды. Айта кетейік, соңғы тәулікте облыста covid-19-ды жұқтырудың 68 жағдайы тіркелді. Коронавирусқа шалдыққандардың тең жартысында індеттің нақты белгілері бар. Науқастардың көбі Петропавлда анықталған.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан