Құқық қорғау органдары

Петропавл тұрғыны экстремистік мазмұндағы материал таратқан

Петропавл қаласының тұрғыны экстремистік мазмұндағы материал таратқаны үшін жауапқа тартылады.

Полиция департаментінің мамандары «Вконтакте» әлеуметтік желісінде мониторинг жүргізген болатын. Шара барысында тәртіп сақшылары діни мазмұндағы аудиофайл тауып алады. Жазбада насихатталып жатқан кітаптар ел аумағында тыйым салынған екен. Оны экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері дінтанулық сараптамадан кейін анықтады. Тексерістен соң қалалық сот 48 жастағы әйелді кінәлі деп таныды. Петропавл тұрғыны жасаған әрекеті үшін әкімшілік жаза, яғни 20 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

 

 

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан