Ерiктiлер

Волонтерлер көпбалалы отбасыға азық-түлік апарып берді

Жыл басынан бері қала еріктілері 200-ге жуық отбасыға азық-түлік апарып берген. Көмек қабылғандардың дені – көпбалалы және аз қамтылған жанұялар. Бүгін волонтер жастар  Жұмысшы кентінде үйді жалдап тұратын 5 балалы отбасыны қуантып қайтты.

Елена Гуйван – көпбалалы ана. Ол күйеуімен және 5 баласымен бірге Жұмысшы кентіндегі үйлердің бірін жалдап тұрады. Қымбатшылық заман: үйдің шығыны, азық-түлік, киім-шешек. Тапқан ақша осыдан артылмайды. Жергілікті еріктілер көпбалалы жанұяға жиі келіп тұруға тырысады. Келген сайын қоржын толы азық-түліктері бар немесе үй шаруасына көмектесіп кетеді.

Елена Гуйван – көпбалалы анна:

– Жуырда волонтерлер көмір жеткізіп берді. Өздері сондай пысық. Жүректері мейірімге толы. Жұмыстарына дән ризамын.

Жастардың бүгінгі тартуы: ұн, қант, макарон өнімдері. Балаларға да арнап тәттілер салынған екен.

Азат Мұхамеджанов – қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

– Соңғы 5 күннің ішінде азық-түлік қорабын 5 отбасына апарып бердік. Ал жыл басынан бері мұндай көмек 200-ге жуық жанұяға көрсетілді. Еріктілер қораптағы заттарды өз ақшаларына сатып алады. Волонтерлердің тағы бір бөлігі киім-кешек жинаумен айналысады. Кейін оны көпбалалы және аз қамтылған жанұяларға жеткізіп береміз.

Жалпы, қалалық жастар ресурстық орталығында 100-ге жуық волонтер бар. Жыл басынан бері еріктілер 300-ге жуық отбасыға түрлі көмек көрсеткен.

 

 

 

 

Бисенова Жанна