Құқық қорғау органдары

Петропавлда дүкеннен азық-түлік ұрлаған 31 жастағы жігіт ұсталды

Ауру қалса да әдет қалмай тұр. Петропавлда дүкеннен 10 мың теңгенің тауарын жинап алып, ақшасын төлемей қашып кеткен ер адам ұсталды. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған жігіт енді осы қайталаған ісі үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Бейтаныс жігіт Кошуков көшесіндегі азық-түлік дүкендерінің біріне келіп, 2 пакет тауар алады. Ішінде 3 бөтелке арақ пен азық-түлік болғаны белгілі. Сатушы басқа бөлмеге кеткен сәтте пысықай алған дүниесімен бірге сыртқа қарай қашса керек. Бұны байқаған дүкен қызметкері тез арада полицейлерге хабар берген.

– Хватает пакет с прилавка и убегает. Я побежала за ним, но догнать я его не смогла. Вернулась – позвонила сразу сотрудникам полиции. Они сразу приехали и в течение получаса нашли его и забрали.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау камерасының көмегімен анықтап, небәрі жарты сағаттың ішінде құрықтайды. Баукеспе – Шал ақын ауданының тұрғыны. 31 жастағы жігіт масаң күйде болған.

Ербол Камитов – қалалық ПБ екінші полиция бөлімінің аға анықтаушысы:

 – Жедел -шарасы барысында бұрын сотты болған 31 жасар облыс тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда бұл факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлімі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұрланған 10 мың теңгенің тауары дүкенге қайтарылды. Осы әрекеті үшін енді қолының жымысқысы бар жігіт бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бисенова Жанна