Спорт

Құлагерліктер кезекті мәрте жеңіске жетті

Құлагерліктер қатарынан 5 мәрте жеңіске жетті! Кеше кешке петропавлдық хоккейшілер елордалық “Снежные барсы” командасына қарсы қарымта кездесу өткізді. Бұл ойында да солтүстікқазақстандықтардың асығы алшысынан түсті.

Елордада өткен матч 0 де 2 есебімен аяқталды. Тартысты бәсекеде жерлестеріміз сапынан Федор Хорошев пен Евгений Попитич ерекше көзге түсті. Кезекті жеңістен кейін “Құлагер” құрамасы турнирлік кестенің 4 орнына көтерілді. Қоржында 35 ұпай бар. Имек таяқ шеберлері желтоқсанның 7-сі мен 8-і күндері Өскемен қаласында кезекті мәрте сынға түспек. Бұл жолғы қарсылас – “Алтай Торпедо” клубы.

Ешкенова Дана