Құқық қорғау органдары

Әйелдер түрмесіне есірткі тасымалдап жүрген адам құрықталды

Әйелдер түрмесіне есірткі тасымалдап жүрген ер адам құрықталды.
Мекеменің сыртында жүрген жанның іс-әрекеті  күдік тудырып, тексере келе одан есірткі табылады. Кейін оның  дуалдың маңына бір пакет наша жасырып қойғаны белгілі болды. Ер адам – Алматы облысының тумасы. Петропавлда  пәтер жалдап тұрған. Тәртіп сақшылары оның үйінен 84 грамм кристалды  және 17 бума синтетикалық зат тәркілеген. Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алдияр Айтпаев