Балалар

“Үздік студент – 2020”

Петропавлда “Үздік студент – 2020” байқауы өтті.

Конкурсқа 100-ден астам жас қатысқан болатын. Іріктеудің нәтижесінде финалға 11 адам өтті. Сайыстың ережесі бойынша ақтық сында  білім алушылар өздері жайлы бейнематериал әзірлеп, оны қалалық жастар ресурстық орталығының ресми сайтына жүктеді. Жүлдегерлер  сол бейнеролик жинаған лүпіл мен қаралым санына қарай анықталды. Байқау қорытындысы бойынша “Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық” колледжінің студенті Еламан Ерген жеңімпаз атанды. 2-ші орын
Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде оқып жүрген Махаббат Бидалинаға бұйырды. Ал жеңіс тұғырының 3-ші сатысына

Қозыбаев университетінің студенті Юлия Сысоева көтерілді. Жеңімпаз бен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі желтоқсанның 14-і күні ZOOM платформасы арқылы өтпек.

 

 

 

Казиканова Алтынай