Спорт

“Қызылжар ФК” ел чемпионатын 9-шы орынмен аяқтады

Дүйсенбі күні футболдан ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Біріншілікті жергілікті “Қызылжар” командасы 9-шы орынмен аяқтады.

Соңғы турда петропавлдық жігіттер елордалық “Астана” құрамасына есе жіберді. Матч 0 де 1 есебімен аяқталды. Биылғы додада солтүстікқазақстандық аяқ доп шеберлері жалпы 20 ойын өткізді. Оның 6-ында жеңді, 9-ында қарсылас ұжымдарға есе жіберді. Ал 5 матч тең аяқталды. Нәтижесінде 23 ұпай жинап, жоғарғы дивизионда келесі жылы ойнау мүмкіндігін иеленді. Ағымдағы чемпионатта “Қызылжар” сапынан Тимур Мульдинов, Әлібек Қасым, Шота Григалашвили және Максим Драченко сынды ойыншылар ерекше көзге түсті.

 

 

 

Алдияр Айтпаев