Спорт

Құлагерліктер кезекті жеңіске қол жеткізді

Сейсенбіде петропавлдық “Құлагер” хоккей клубы елордалық “Снежные барсы” командасымен кездесті.

Қарсылас команданың қорғаныс шебін жерлестеріміз 12-ші минутта бұза білді. Солтүстікқазақстандықтардың сапынан Станислав Логинов ерекшеленді. Екінші периодта елордалықтар есепті теңестіріп, тіпті алға да шықты. Дегенмен, жерлестеріміз соңғы минуттарда қарсыластардың қақпасынан 2 мәрте саңылау тапты. Алдымен – Дмитрий Исмагилов, кейін Михаил Шерстюков көзге түсті. Осылайша матч 3 те 2 есебімен аяқталды.

Ильгиз Нуриев – “Qulager” ХК капитаны:

– Алғашқы шайбадан кейін басымдық біз жақта болды. Бірақ, қателіктерге де жол бердік. Оны қарсыластарымыз тиімді пайдалана білді. Ойын соңына таман жиналып, жеңіске жеттік. Алдағы ойындарда қателік жібермеуге тырысамыз.

 

 

 

 

 

 

Алдияр Айтпаев