МТРА жаңалықтары

А.Мамин: “Еліміздің агроөнеркәсіп кешенін толық цифрландыру қажет”

Еліміздің агроөнеркәсіп кешенін толық цифрландыру қажет. Үкімет басшысы Асқар Мамин министрлік өкілдері мен өңір әкімдеріне осындай тапсырма жүктеді деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз хатшылығы. Міндет орындалған жағдайда  өнім өндіруге жұмсалатын шығындар азайып, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға мүмкіндік артпақ.

Дәлірек тоқталар болсақ. Алдағы 5 жылда 100 млн гектардан аса егістік пен жайылым жер электрондық форматқа енгізіледі. Мақсатты орындауға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 50 млрд теңге инвестиция құю көзделіп отыр. Нәтижесінде жиналатын астық пен мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 20 пайызға дейін артып, фермерлердің шығыны керісінше 15 процентке қысқарады. Ал алтын дән көлемі 25 млн тоннаға дейін ұлғаймақ. Тиісті министрлік пен әкімдіктер бір ай ішінде агроөнеркәсіп және жер қатынастарын одан әрі цифрландырудың жол картасын әзірлеуге міндеттелді. Сондай-ақ, Премьер-Министр 2021 жылы Жерді ғарыштан мониторингілеу бойынша пилоттық жобаны бүкіл республика бойынша таратуды жүктеді. Тағы жер учаскелерін рәсімдеу процесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, құжаттар беру мерзімін 1 жылдан 20 күнге дейін қысқартуды тапсырды.

 

 

 

Эльмира Садвокасова