ТЖ

ТЖД мамандары кезекті рейд өткізді

Жылыту маусымы басталысымен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары рейд өткізуді жиілеткен.

Өйткені, қыс келісімен өрттердің саны артуы мүмкін. Тілсіз жауды болдырмауда осындай түсіндіру шараларының септігі тиері анық. Құтқарушылар әр тұрғынның үйіне бас сұғып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін мысал келтіре отыра түсіндіріп берді. Жыл басынан бері облыс аумағында 600-ден астам өрт оқиғасы тіркелсе, соның 75 пайызы жеке секторда бас көтерген.

Даниель Саркисян, қалалық ТЖБ аға инженері:

 – Қалада соңғы уағытта пешті дұрыс қолданбауға байланысты өрт саны жиіледі. Осы орайда түсіндіру шараларына студенттерді тарта отыра рейд өткізіп жатырмыз. Адамдарға электр құрылғыларын, тіпті, пештің өзін қалай қолдану керек – соны бәрін жіті баяндаудамыз. Өйткені, кейбіреулер отты пайдалануда немқұрайлыққа жол беріп жатады.

Данаш Хамзина