МТРА жаңалықтарыБалалар

Тұңғыш Президент күніне орай колледж студенттері арасында онлайн-жиын өтті

Тұңғыш Президент күніне орай ел көлемінде оқушылар мен студенттер арасында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Сондай шаралардың бірі – қарашаның 2-сі мен 28-і аралығында онлайн форматта өтті.

Айтулы датаға байланысты ұйымдастырылған жиында колледж студенттері конференцияларға қашықтықтан қатысып, эссе жазған болатын. Олар шығармада “Тәуелсіздіктің жеті қыры” атты документалды фильмді талдап, пікірлерін білдірді. Бұл бейнебаянда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы мен атқарып жатқан жұмыстарына ерекше көңіл бөлінген. Бұдан бөлек, қатысушылар Нұр-Сұлтандағы “Тұңғыш Президент музейін” онлайн форматта тамашалады.

Асхат Таушев – Өнер колледжі-музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені директорының орынбасары:

– Бұл шаралардың барлығы кураторлық сағат ретінде zoom платформасында өтті. Студенттер назарына “Линии жизни” деген документалды фильм де ұсынылды. Жастар елімізді басып өтетін халықаралық транзиттік жолдар мен “Нұрлы жол” бағдарламасы жайында кеңірек мәлімет алды.

 

Казиканова Алтынай